Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Тәуелсіз елдің үшінші мегаполисі

«Айқын» ақпарат
Ақпан 24, 2021
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл, Жаңалықтар, Қазақстан
үшінші мегаполис
42
қаралым

Биыл – Тәуелсіздікке 30 жыл! Осы кезге дейін қол жет­кен жетістіктеріміз де, берекелі тұрмыс-тіршілігіміз де – азаттықтың арқасы. Қа­зақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері дербес мем­ле­кет ретінде әлемде өз орнын иеленді. Ал еліміздегі республикалық маңызы бар қалалардың бірі, үшінші мега­полис атанған  Шымкент қаласы мұндай дәрежеге Тә­уел­сіздік жылдарында жетті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүр­гізіп отырған парасатты саясат нәтижесінде Шымкент қаласы шы­рай­ланып, дами түсті. Ел­басының 2018 жылдың  19 маусым­дағы Жарлығымен Шымкент республикалық қала дәрежесін алып, жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Иә,  2018 жыл – Қазақстан Республикасы картасындағы әкім­шілік-аумақтық құрылымына елеу­лі өзгеріс енуімен есте қалды. Оң­түстік Қазақстан облысының орта­лығы болып келген Шымкент қа­ла­сы тұрғындарының саны 1 мил­лионға жетіп, республикалық ма­ңызы бар қала мәртебесін иеленді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Түркістан қаласына ауысып, облыстың атауы Түркістан облысы болып өзгерді. Осылайша, 2018 жыл ел тарихында және Шым­кент қаласының тарихында да ал­тын әріппен жазылып қалды.

Шымкент қаласы Тәуелсіздік жылдары дамып, жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінде еліміздің аста­насы Нұр-Сұлтан қаласы мен Алма­тыдан кейінгі үшінші мега­полис. Шымкент жаңа даму жо­лына түсті. Аумағы кеңейіп, 13 мың гектардан 116,3 мың гектарға дейін ұлғайды. Әлеуметтік-мәдени өрісі өсті. 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанып, бұл жауап­ты іс-шараны абыроймен атқарды.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары шеңберінде үшінші мегаполис туралы ауыз толтырап айтар жетіс­тіктер жетерлік. Еліміз егемендік алған жылы Шымкентте халық саны 400 мың адам болса, қазір 1 млн 100 мыңға жетті.  Қала бюджеті 1994 жылғы 1,0 млрд теңгеден бү­гінде 455 млрд теңгеден асты. Қала экономикасына 2,6 трил­лион­нан астам инвестиция бағыт­тал­ды. 1991 жылдан бері 6,1 млн шар­шы метр жаңа тұрғын үй пайда­лануға берілді. Осы келтірілген дерек­тер­ден-ақ қаламыздың даму деңгейін айқын көруімізге болады.

Түркістандық ардагерлер пленум өткізді

Азаттықпен оралған тарихи атаулар

Екі облыста жол жабылды

Шымкент бұрыннан өнеркәсіп кәсіп­орындары шоғырланған өн­дірістік қалалардың бірі болатын. Әйтсе де, тоқсаныншы жылдардың басындағы қиыншылықтар бұл саланы да айналып өтпеді. Оларды қайта жандандыру үшін кешенді шаралар қолға алынып, ауқымды жобалар іске асырылды.

Қалада өндірісті жандандыру мақсатында, бұрынғы фосфор зауытының аумағында «Оңтүстік» индустриалдық аймақ құрылды. Айта кетейік, жалпы қалада өн­діріс­тік инфрақұрылымы бар 3 аймақ құрылған. Осы үш индус­триялық аймақта жалпы инвес­тиция көлемі 229,7 млрд теңге болатын 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 170 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы, Тәуелсіздік жылдары қалада 20-дан астам ірі және орта кәсіпорындар іске қосылған. Қазір бұл кәсіпорындарда 6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып отыр.

Шағын және орта бизнес қала экономикасының локомотивіне айналды. Қазір 72 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, осы салада 160 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып отыр. Қала бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі – 28,4 пайыз.

Сонымен қатар қала эко­номика­сына инвестициялар тарту үшін жаңадан «Тұран» шағын­ауданынан аумағы 420 гектар болатын «Шымкент сити» жобасы іске асырылды. Бұдан бөлек, білім, спорт, мәдени-әлеуметтік салада да елеулі ілгерілеушіліктер бар. Мек­тептер мен балабақшалар саны өсіп, сапасы артты. Қалада 1991 жылы 72 мектеп болса, қазір олар­дың саны 178-ге жетті.

Денсаулық сақтау саласында жаңа нысандар іске қосылды. Олар озық медициналық құралдармен жабдықталып, дәрігерлеріміздің белгілі бір ағзаларды ауыстыру бойынша күрделі оталарды жа­сауына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде, қалалықтардың өмір сүру ұзақтығы 63,9-тен 74,4 жасқа дейін ұзарды. Мәдениет саласында да ауыз толтырып айтарлық жетіс­тік­тер бар.  Қаламызда жаңадан облыстық опера және балет театры, «Оңтүстік цирк», «Түркістан» мә­де­ниет сарайы, «Отырар» кітап­ханасы, «Көрме» орталығы, «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы», «Тәуелсіздік» саябағы, «Наурыз» алаңы, Тарихи-өлкетану мұражайы және тағы басқа көптеген көпшілік демалыс орындары пайдалануға берілді. Сонымен қатар қаладағы тарихи маңызы бар «Цитадель» ескі қалашығы қалпына келтірілді. Шаһарда одан бөлек көптеген спорт нысандары бой көтеріп, тұрғындардың игілігіне ұсынылды. Олардың қатарына «Биік» ста­дионы, Мұз сарайы, Роял, Тұмар, Қасиет, Сұңкар, Марс, Жастар, Ақарыс спорт кешендерін, Жоғары спорт шеберлігі мектебі, Жеңіл атлетикалық манеж, Орталық су спорт кешенін қосуға болады.

Шымкентте бой көтерген кел­беті көз тартар ескерткіштер мен жаңа нысандарды тізіп  шығуға болады. Солардың бірі – «Жер Ана» Тәуелсiздiк монументi.  Қазақ ұлтының тектiлiгi мен бiр­тұтас­тығының белгiсiндей Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би кө­шелерi қиылысатын Ордабасы алаңында орнатылған монументтің биiктiгi – 34 метр. Ел тарихы еске­рiле отырып жасалған Тәуелсiздiк монументi идеясы одан әрi жетiл­дiрiлiп, Ордабасы алаңы ұлттық ұстындарымызды қастерлейтiн тарихи-мемориалдық кешенге ай­налды. «Рәмiздер алаңы» деп ата­латын кешенде елiмiздiң картасы бейнеленiп, Елбасымыз Н.Назарбаев­­тың сөзi мен Қазақ­стан Конституциялық заңынан үзiндi тасқа қашалып жазылған. Бүгiнде Тутөбенiң басында биiктiгi 50 метрлiк көк байрақ алыстан көрініп, желбіреп тұр. Шымкентте Ұлы Жеңiстiң 65 жылдығына орай салынған «Даңқ» мемориалындағы гранит тастарға өңiрден соғысқа аттанған 140 мыңнан астам жауын­гердiң есiмi  жазылған.

Үшінші мегаполистің көркіне көрік қосып, мерейін өсірген мұндай нысандар аз емес. Қазірдің өзінде көк аспанмен тірескен биік-биік көпқабатты үйлер мен ғи­мараттар бой көтеріп жатыр. Бү­гінде Шымкентте ынтымақты ұран, татулықты ту еткен 100-ден ас­там ұлт пен ұлыс бір шаңырақтың астында достығы берік, бірлігі бекем өмір сүріп жатыр.

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы

 
Тегтер: 30 жылтәуелсіз елтәуелсіздікүшінші мегаполисШымкент
Алдыңғы жаңалық

Пандемияның зардабын ерлерге қарағанда әйелдер көп тартты

Келесі жаңалық

Қазақстанның басым бөлігінде бірнеше күн аяз болады

Ұқсас жаңалықтар

БҚО
Жаңалықтар

БҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

Наурыз 4, 2021
Ресей
Жаңалықтар

Қылмыстық топ заңсыз жолмен Ресейден көлік тасып келген

Наурыз 3, 2021
теңіз
Жаңалықтар

Теңіз жағалауынан жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Наурыз 3, 2021
Алматы
Жаңалықтар

Алматыда 4 оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші: Президент тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

Наурыз 3, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал спорт комментаторы қайтыс болды

Наурыз 4, 02:27

БҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

Наурыз 4, 00:07

Қылмыстық топ заңсыз жолмен Ресейден көлік тасып келген

Наурыз 3, 23:39

Теңіз жағалауынан жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Наурыз 3, 23:12

Алматыда 4 оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші: Президент тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

Наурыз 3, 22:33

Қаржы пирамидасы тұрғындардың 70 миллион теңгесін алып қойған

Наурыз 3, 22:01

Дүниежүзілік WBA рейтингісі жаңартылды

Наурыз 3, 21:09
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

спорт

Танымал спорт комментаторы қайтыс болды

Наурыз 4, 2021
БҚО

БҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

Наурыз 4, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»