Ақтөбеде оқушы қызға АИТВ жұқтырған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Ақтөбеде оқушы қызға АИТВ жұқтырған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Ол кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қарым-қатынаста болғаны және оған АИТВ жұқтырғаны үшін сотталды. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, айыпталушы өзінің АИТВ-пен ауыратынын білген. Соған қарамастан, күдікті екі жыл бойы оқушы қызбен жыныстық қатынаста болған. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Ақтөбе облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жетекші маманы Жұлдыз Сайманова: «Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 118-бабы, 3-бөлігі, 122-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. 14 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді.   https://youtu.be/ESfUvFvBDro