«Елорда жастары»: Нұр-Сұлтаннан баспана алу үшін несие берілетін болды
«Елорда жастары»: Нұр-Сұлтаннан баспана алу үшін несие берілетін болды
211
оқылды

Отбасы банкі Instagram-дағы ресми парақшасында Нұр-Сұлтан жастарына қатысты жаңалықтың жүзеге асатынын хабарлады.

«Жас мамандар үшін Отбасы банкі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі арасында «Елорда жастары» жаңа бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру туралы келісім жасау жоспарда бар. Қазірдің өзінде депозит ашып, пәтерге ақша жинай бастаңыз деп кеңес береміз», – деп жазылған Отбасы банкінің парақшасында. «Елорда жастары» бағдарламасының алғышарттары: Несиенің максималды сомасы 13 миллион теңгеге дейін; Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%; Алғашқы төлем 10% -дан басталады. Несиенің максималды мерзімі – 25 жылға дейін.

Бағдарлама бойынша жаңа баспана немесе қайталама нарықтағы үйден де пәтер алуға болады.