Жамбылда жоғалған әйел табылмай жатыр
Жамбылда жоғалған әйел табылмай жатыр

1997 жылы туған Гүлдана Санақбай 11 ақпан күні Алматы қаласына емделуге жолға шығып, сол бойы оралмаған.

   width= Қызына іздеу салған  анасының сөзіне сүйенсек, Гүлдана Шу ауданы Төлеби ауылында сән салонында жұмыс істейді екен. Сол күні кешкі сағат 17:00-де үйге келіп, киім-кешегін жинап, Алматы қаласына жолға шығатынын айтқан. Алайда анасы қызының қандай көлікке отырғанынан және  жолға шыққан, әлде шықпағанынан бейхабар. Тәртіп сақшылары әйелге іздеу салғанымен оны әлі күнге дейін таба алмай жатыр. Осыған орай анасы көрген-білгендер болса, хабар беруді өтініп видеоүндеу жолдады.   https://youtu.be/74ALkZolaKY   Гүлдананы отбасы мен бауырлары және жалғыз ұлы үйінде күтуде.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы