Отырар ауданының полицейлері Қоғам ауылындағы тойды тоқтатты. Мобильдік топ өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Нәтижесінде той тоқтатылды. Той иесіне қатысты хаттама толтырылып, СЭББ-ға жолданды. Түркістан облысының полицейлері коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай, карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастырып жатыр.Мобильді топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындары, дүкендер мен базар иелерімен, сондай-ақ адам көп жиналатын орындар, қоғамдық көліктер және көшеде карантин талабы сақталуын тексеруде.