Екібастұзда көшеде ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды – Мәсімов
Екібастұзда көшеде ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды – Мәсімов
106
оқылды

Күдіктінің қаруы тәркіленді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Павлодар облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 23 ақпан күні сағат 08:00-де Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамды атып кеткен. Тұрғын оқиға орнында қайтыс болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов: «Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаруы тәркіленді», – деді.

Кеше Екібастұзда елдің көзінше ер адамды атып кеткенін жазған болатынбыз.