Жемқорлықпен күреске тағы бір қадам
Жемқорлықпен күреске тағы бір қадам
103
оқылды

Мемлекет басшысы Сы­байлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқару­шы хатшысы Джанлука Эс­пози­тоны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақ­станның Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы мемлекеттер тобы­на мүше болып кіру мәсе­лесі, сондай-ақ Еуропа Кеңесі­мен ықпалдастығының перспек­тивалары туралы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы мемле­кет­тер тобына кіруге көр­сетіп жат­қан қолдауы үшін Еуропа Кеңе­сіне ризашылығын білдіріп, сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мылда халықаралық ұйыммен ынты­мақ­тастықтың маңызын атап өтті.

– Біз аталған ұйымның қыз­метіне атсалысуға өте мүдделіміз. Бұл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысымызға, сонымен қатар ел дамуына кері әсер ететін басқа да мәселелердің шешілуіне тың серпін береді деп сенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Джанлука Эспозито Қа­зақстан мен Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы мемлекеттер тобы­ның ынтымақтастығы екі тарапқа да тиімді болатынын айтты.

– Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мем­ле­кеттер тобына мүше болуы жемқор­лықпен күрестің принциптері мен тетіктерін жетілдіру ісіне ғана емес, сондай-ақ бизнес-ахуалды жақсартуға, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жандандыруға да септігін тигізеді, – деді ұйым­ның атқарушы хатшысы.