Офтальмолог көздің көру қабілетін операциясыз жақсарту жолын атады
Офтальмолог көздің көру қабілетін операциясыз жақсарту жолын атады
187
оқылды
Көздің көру қабілетін операциясыз-ақ жақсартуға болады. Ол үшін күніне бірнеше минутқа созылатын гимнастика жасау жеткілікті. Бұл туралы жапониялық офтальмолог Руи Хирамацу айтты, деп жазады abc.es. Маманның алғашқы кеңесі – Габор дақтары деп аталатын жаттығу. Яғни, айырмашылықтарды табуға арналған суреттер. Оған күніне үш минут бөлудің өзі жеткілікті. Дәрігердің сөзіне қарағанда, осы тәсіл арқылы көздің көру қабілетінің жақсара бастағанын екі аптаның ішінде байқауға болады. 28 күннен соң анық сезіледі. Екінші тәсіл – термотерапия. Ол үшін бет орамалды аздап ылғалдандырып, сосын микротолқынды пеште 30-40 секунд жылытып алу керек. Сол мата суып қалғанша көзді жауып жату керек. Офтальмолог асжапырақтың (шпинат) пайдасы көп екенін де айтады. Бұл өсімдік катаракта мен сары дақтың бүлінуінің алдын алады.