Белгілі актерға қызды зорлады деген айып тағылды
Белгілі актерға қызды зорлады деген айып тағылды

Франция прокуратурасы қыз зорлады деп айыпталған әйгілі актер Жерар Депардьеге қатысты  тергеуді қайта бастады. Оған жас актрисаны зорлады деген айып тағылып отыр, - деп хабарлады bbc.com.

Іс 2018 жылғы оқиғаға байланысты қозғалған. Бірақ, жапа шегушінің аты-жөні белгісіз. Депардье өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарып отыр.

Ал жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жапа шегуші Депардьеге қарсы шағымды 2018 жылы түсіріп, іс дәлелдердің жеткіліксіздігінен 2019 жылы жабылған.

Бірақ, жапа шегуші былтыр жазда қайта шағымданып, желтоқсан айында іс қайта қозғалған. Жерар Депардье танымал француз актеры. Ол 180-нен астам киноға түскен.