Мамин елімізде ең төменгі жалақы қашан көтерілетінін айтты
Мамин елімізде ең төменгі жалақы қашан көтерілетінін айтты
128
оқылды
Жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленеді. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин депутаттардың сауалына берген жауабында айтты. 
"Жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленеді. Оның шеңберінде жалақының төменгі мөлшерін арттырудың негізгі тәсілдері мен тетіктері зерделеніп, ең төменгі жалақыны белгілеу әдістемесі жетілдіріледі. Жалақының төменгі мөлшерін арттыру республикалық бюджеттен қосымша шығыстарды талап етеді. Осыған байланысты бұл мәселе елдегі экономикалық жағдайға және мемлекеттік бюджеттің нақты мүмкіндіктеріне қарай қаралатын болады",- деп жазды Үкімет басшысы.
2020 жылы 30 қаңтарда бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Біржан Нұрымбетов Қазақстандағы ең төменгі жалақы 72 мың теңге болуы тиіс деген болатын.