Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі

Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Бұл туралы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook-тегі  парақшасында хабарлады. 

«Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды»,- деп жазды палата төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, 1 наурыздан бастап карантинді жеңілдетуге рұқсат етіледі. Жасыл аймақта: 1) жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр) 2) 50 адамға арналған еске алу асы (залдың 30%-ын ғана толтыра отырып) 3) бильярд қызметіне 4) ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына; 5) цирктарға Сары аймақта: Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады. АШЫҚ қосымшасы: 1) боулинг қызметі; 2) компьютер клубтарының қызметі; 3) фитнесс-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рұқсат етілді.
«Жалпы алғанда, санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етуге болады деген түсіністік бар»,- деп жазды палата өкілі.