Бұл 2016 жылғы көрсеткіш. Жол-көлік оқиғасынан 2019 жылы қайтыс болғандар саны 2000-ның шамасында. Ал өткен жылы республика бойынша 13 515 ЖКО тіркелді. Зардап шеккендер саны − 19 841 адам (2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға аз – 24 585), оның ішінде 17 844 адам жараланды. Қайтыс болғандар саны −1997 адам. Зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандар саны – 3140.
«Статистика бойынша 2019 жылы ЖКО-ның 33,6%-ы жылдамдықты арттыру салдарынан орын алған. Жалпы алғанда, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 12,5 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары салынды және қайта жаңартылды, ал бірінші санаттағы жолдар - 2,8 мың шақырым. Бұл шамамен үш мың шақырым трассада жүргізушілер сағатына 140 шақырымға дейін жылдамдықты асыра алады деген сөз».Жолдағы айтып келмейтін апаттың көбеюіне қазақстандықтардың темір тұлпарға сұраныстың артуымен де байланысты екенін айтады сарапшылар. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша бүгінде алыс-жақынды жолға шығатын көліктер саны үш миллионнан асады екен. Осылайша, орта есеппен 100 қазақстандыққа 21 автомобильден келеді. Демек, әрбір бесінші адамда жеке көлік бар. Алматы жол апаты бойынша көшбасында Былтыр республика бойынша қай өңірлерде ЖКО жиі орын алатыны белгілі болды. Алматы қаласы көшбасында. Оңтүстік астанадағы жол апаты жалпы ЖКО-ның 24%-ын құрайды. Былтыр бұл қалада 3245 факті тіркелген. Зардап шеккендердің де үлесі жоғары − 3 891 адам. Келесі кезекте Нұр-Сұлтан қаласы − 466 ЖКО, Шымкент қаласында − 322 ЖКО тіркелді.
- Әлем бойынша жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың саны жоғары деңгейде;
- Жол-көлік оқиғасынан алған жарақат балалар мен жастар өлімінің негізгі себебі;
- Әлемдегі жол-көлік оқиғаларынан болатын өлімнің жартысынан көбі жаяу жүргіншілер, велосипед пен мотоцикл жүргізушілерде жиі орын алады;
- Жаяу жүргіншілердің шамамен 88% -ы ең төменгі стандартты бір және екі жұлдызды жолдарда жүреді.
- 2020 жылы жолдағы өлім мен жарақаттануды екі есеге азайту жөніндегі SDG 3.6 мақсаты орындалмады;
- Қытай үкіметінің «жол қауіпсіздігі - өмірге қамқор болу бағдарламасы» және ChinaRAP бастамасы бойынша соңғы жылдары 250,000 км.-ден астам жол және шамамен 180,000 км. жолды жақсартты;
- Аккра (Гана) және Аддис-Абеба (Эфиопия) қалалары Дүниежүзілік Банктің автомобиль жолдарының қауіпсіздігі жаһандық қоры арқылы Bloomberg Philanthropies қолдауымен жүргізілген iRAP бағалауы шеңберінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне арналған өтпелі жолдарға қомақты қаражат аударды;
- Чилидің ақылы жол операторлары жолдардың сапасын бағалап, «3 жұлдызды» деңгейге дейін көтерді. Енді біртіндеп «4 жұлдызға» көтеруді жоспарлап отыр;
- Аустралия үкіметі елдегі жолдардың 90%-ның сапасын жоғарылатқан. Нәтижесінде апаттар мен өлім-жітім 80%-ға төмендепті.