Ерлан Қиясов елімізде карантин қашан толық алынатынын айтты

Ерлан Қиясов елімізде карантин қашан толық алынатынын айтты

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда карантин шаралары қашан толық алынатынын айтты.

"Әрине, елімізде карантинді толық алып тастау туралы айту әлі ерте. Дегенмен, карантинді алып тастау үшін белгілі бір көрсеткіштер негізге алынады. Ол үшін барлық өңір "жасыл" аймақта болуы тиіс. 100 мың адамға шаққанда коронавирустың жұғу көрсеткіші 25 науқасты құрап, вирустың таралу коэффициенті R 1-ден төмен болған жағдайда карантинді алып тастау мәселесі көтеріледі. Сондай-ақ ұжымдық иммунитеттің қалыптасу деңгейіне де қараймыз. Халықтың кем дегенде 50-60%-ында ұжымдық иммунитет қалыптасуы тиіс", - деді Ерлан Қиясов.
Бұған дейін 1 наурыздан бастап елімізде карантин жеңілдетілетіні туралы хабарлаған болатынбыз.