Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
100
оқылды
Ернат Архатұлы Мұхамадиев Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы "Назарбаев орталығы" мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастады. 2014-2016 жылдары — БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды. 2016-2017 жылдары — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры. 2017-2019 жылдары — жекеменшік ұйымдарда еңбек етті. 2019 жылы мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.