«Сары аймақта» тұрған өңірлерде сауда үйлері жексенбі күндері де жұмыс істейді
«Сары аймақта» тұрған өңірлерде сауда үйлері жексенбі күндері де жұмыс істейді
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы кезінде айтты.
- 7 күн бойы «сары аймақта» болған өңірлерде 1 наурыздан бастап жабық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жексенбі күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі , - деді Ералы Тоғжанов.
Бұған дейін 1 наурыздан бастап елімізде карантин жеңілдейтіні туралы хабарлаған болатынбыз.