Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді. Шығыс Қазақстан облысында 24.02.2021 күні 18.30-да ауа райының нашарлауына байланысты «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолының 105-123 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Қызылорда облысында 24.02.2021 күні 18.30-дан бастап боран тұрып, көріну нашарлағандықтан «Самара-Шымкент» автожолының 1240-1357 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты 24.02.2021 күні сағат 18.45-тен бастап «Самара-Шымкент» тасжолының 1153-1240 шақырымында, Ырғыз ауылына бұрылатын аумақта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.