Қытайда таралған пневмониядан тағы да адам қайтыс болды
Қытайда таралған пневмониядан тағы да адам қайтыс болды
95
оқылды

Қытайда 69 жастағы ер адам коронавирустың жаңа түрінен асқынған вирустық пневмониядан көз жұмды, – деп жазады «ҚазАқпарат».

«2020 жылдың 15 қаңтарындағы жағдай бойынша коронавирустың жаңа түрі 41 адамнан табылды. Олардың бесеуі ауыр халде жатса, екеуі көз жұмды. Он екеуі емделіп, ауруханадан шықты» делінген Ухань қалалық денсаулық сақтау органының хабарламасында.

Науқастармен 763 адам байланыста болған. Қазіргі уақытта 119 адам дәрігерлердің бақылауында отыр.

Ауру адамдардың бір-біріне қалай жұғатынын дәрігерлер зерттеп жатыр.