Алматыда алаяқтықпен айналысқан ресейлік азаматша ұсталды, – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу нәтижесінде, ол өзін балгермін деп таныстырып, қазақстандық қызды алдап кеткені белгілі болды.
Жәбірленуші «балгерді» сайт арқылы тауып, хабарласып, одан Ресейден Алматыға келіп сиқыр жасауды сұраған.
«Балгер сиқыр әрекеттерін жасап, жәбірленушінің сеніміне кіріп 27 миллион теңгесін қағып кеткен» делінген ПД хабарламасында.
Полиция күдіктіні уақытша тергеу изоляторына қамауға алды. Бүгінде іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.