Иранның АҚШ базаларына соққысынан 11 әскери зардап шекті

Иранның АҚШ-тың Ирактағы базаларына соққы жасағанынан көптеген әскери қызметкер зардап шеккен, – деп жазады Defense One басылымы.

АҚШ-тың әскери қызметкерлердің көбінің миы шайқалған. Оларды осы аптада Кувейт пен Германиядағы ауруханаларға жеткізген.

9 қаңтарда ирандық генерал Амир-Али Хаджизаде АҚШ базаларына жасаған соққысынан «әскерилер қаза тапқан жоқ» деп мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, Тегеран зымыранмен соққыны америкалық сарбаздарды өлтіру үшін емес, Вашингтонның әскери техникасын құрту үшін жасаған. 

Айта
кетейік, бұған дейін Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери базасына бірнеше рет
зымыранмен соққы жасады. Иран тарапы генерал Касем Сулейманидің өлімінен кейін
АҚШ әскери базаларын зымыранмен атқылауды бастады.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.