Бүгін Нұр-Сұлтан мен Атырауда оқушылар мектепке бармайды
Бүгін Нұр-Сұлтан мен Атырауда оқушылар мектепке бармайды
121
оқылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы хабарлады.

«25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты I ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», – деп хабарлады Білім басқармасы. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтанда қар жауып, термометр бағаны -25 градусты көрсетіп тұр. Ал Атырауда да қар жауып, боран соғып тұр. Сондықтан кезекші сыныпта оқитын оқушылар мектепке бармайды. Атырауда 23 ақпаннан бері ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан оқып жатыр.

Бұған дейін ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында жолдар жабылды. Кейбір өңірде -37-40 градусқа дейін аяз болатыны ескертілді.