Алматы облысында полицей өзінің үйлену тойын жасаған
Алматы облысында полицей өзінің үйлену тойын жасаған
99
оқылды

Dyshi_zharkent Instagram парақшасында үйленген жастардың бірнеше суреті жарияланды.

Онда 22 ақпанда Жаркенттегі мейрамханалардың бірінде полиция қызметкері үйлену тойын жасағаны және бұл соның суреті  екені хабарланған. Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізілгенін хабарлады.

«Үйлену тойын ұйымдастыру туралы ақпарат расталды. Қазір іс-шара ұйымдастырушыларын ҚР ӘҚБтК -нің 425-бабында көзделген жауапкершілікке тарту үшін жиналған материал санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберілді», – деп нақтылады департаменттен.