Өрттен алты жасар баласын құтқарамын деп әкесі де қайтыс болды

Өрттен алты жасар баласын құтқарамын деп әкесі де қайтыс болды

Өрттен кішкентай баласын құтқарып үлгерген 30 жастағы азамат жарылыстан соң екінші ұлымен бірге үйден шыға алмай қалды. Бұл туралы КТК хабарлады.

Өрт  жұрт шырт ұйқыда жатқанда басталған. Үй иесі өрт күшейгенде ғана оянған. Жанұшыра бір жарым жастағы ұлын далаға шығарған. Жанып жатқан үйге қайтадан кіріп, ұйқыдағы 6 жасар ұлына алып шықпақшы болғанда газ баллоны жарылған. Күшті дүмпуден үйдің қабырғалары құлап, шатыры көкке ұшқан. Үйінді астынан құтқарушылар баласын денесімен жауып жатқан екеуінің мүрдесін алып шықты. Балалардың анасы ауруханада жатқан. 30 жастағы Александр үйінде екі ұлымен қалған. Ол Доломитовый зауытында слесарь болып жұмыс істеген.

Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов: «  Көкшетаудан да, Зерендіден де өрт сөндіруге 20 адам және 5 арнайы көлік жіберілді. Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр. Өртке техникалық сараптама жасалды. Өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр», – дейді.