Бүгін зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды
Бүгін зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды
92
оқылды

Өтінімді enpf-otbasy.kz сайты арқылы қабылдайды.

Зейнетақы жинағын мынадай медициналық қызметтерге пайдалануға болады: – дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу; – Қазақстан аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация); – операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық); – радионуклидтік және радиойодтерапия; – радиохирургиялық емдеу; – протон терапиясы; – офтальмологиялық қызметтер.

Бұған дейін ЭКҰ-ға да зейнетақы жинағын пайдалануға берілетіні айтылған болатын.