Иран ұшақ апатынан қаза тапқандардың мүрдесін Украинаға беретін болды
Иран ұшақ апатынан қаза тапқандардың мүрдесін Украинаға беретін болды
5,100
оқылды

Мүрделелерді Украинаға беруге дайындық жүргізіліп жатыр, - деп жазады «Қазақпарат».

«Тегеранда жүрген ІІМ сарапшылары бүгін Украинаның қаза тапқан барлық 11 азаматтың сүйегінен ДНК алды. Мұнан ары Украинаға беруге дайындық жүргізіліп жатыр», ­- деп хабарлады «Укринформ» Украина Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қаза тапқан 11 адамның мүрдесін 2020 жылдың 19 қаңтарына дейін беру жоспарланып отыр. Украина Ішкі істер министрлігінің 2 сарапшы-генетигі қаза тапқандарды сәйкестендіру аяқталғанға дейін Тегеранда қалады.

Бұған дейін Украинаның Ұлттық полициясының тергеушілері ел Ішкі істер министрлігі сарапшыларының қатысуымен Тегерандағы ұшақ апатынан қаза тапқан украиндықтардың туыстарынан ДНК үлгісін жинаған болатын.

Ал ИРНА агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Украина Сыртқы істер министрі Вадим Пристайкомен телефон арқылы сөйлесу барысында Тегеранның Киевке украиндық Boeing-737-800 әуе кемесінің апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың мүрдесін беруге дайын екендігін айтқан.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда Тегеран маңында Иран әскерилері жоллаушылар ұшыған зымыранмен атып түсірген болатын. Жолаушылардың барлығы түгел қаза тапты.

Ұшақ апатына байланысты жауапкершілікті Иранның әскери-саяси құрылымы «Ислам революциялық ұландар корпусы» өз мойнына алды.