Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды
Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды
152
оқылды

Бұдан былай шетелдіктерге жерді сатуға заң жүзінде біржола тыйым салынады.

«Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды. Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет. Сондықтан мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым. Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі тиіс.