Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент
Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент
112
оқылды

«Балаларды және құмар ойын ойнайтындарды лотерея ойнатуға, заңсыз ойын бизнесіне тартқан жағдайда осыған жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылуы тиіс. Қажет десе, лицензиядан айырамыз. Қазір осындай заңсыз қызмет үшін жеке тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ғана айыппұл салынады. Шетелдіктердің Қазақстанда құмар ойындарды заңсыз өткізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салу керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін қоғамдық бақылауды күшейту керегін де айтты.

Президент бұған дейін шетелдіктерге қатысты жер сату мәселесіне нүкте қойған еді.