Медициналық оқу орындары студенттерінің стипендиясын арттыру қажет – Тоқаев

Медициналық оқу орындары студенттерінің стипендиясын арттыру қажет – Тоқаев

Медициналық оқу орындары студенттерінің стипендиясын арттыру қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді. Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшыларға арнап ауылда үй салған кәсіпкерлерге шығынның 50 проценті қайтарылатынын айтты.