Қазақстанда Армения және Қырғызстан нөмірімен жүрген көліктерге қатысты жаңа талаптарға қатысты Ақтау мен Жаңаөзендегі жүргізушілер наразылығын білдірді, — деп хабарлады «Лада».
Жүзден астам көлік жүргізушісі Ақтауда теңіз жағалауына жиналып, шетелдік тіркеудегі көліктерге қатысты жаңа талаптарға наразылығын білдірді.
«Бәрін осылай бір уақытта істеуге болмайды. Алдымен уақытша тіркеу енгізу керек. Елде мұндай көлікті заңды түрде тіркеуге қыруар ақша кетеді. Мен өзімнің көлігімді 4 миллион теңгеге алдым. Ал егер заңға сәйкес тіркейтін болсам, тағы дәл осынша қаражат жұмсауға тура келеді. Бұдан да көп болуы мүмкін. Егер олар тіркелмеген әр көлікке айыппұл салатын болса, айып тұрағында көлік қоятын жер қалмайды», - дейді жергілікті тұрғын Ерлан Бәшінтаев.
Тіркеуге қатысты сұрақтар бойынша Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтанда 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 нөмірі арқылы тікелей байланыс ұйымдастырып отыр. Телефон қоңырауы 09:00-дан 19:00-ге дейін қабылданады.