Көршісінің жүрегін жұлып алып, одан тамақ пісірген америкалық өлім жазасына кесілді
Көршісінің жүрегін жұлып алып, одан тамақ пісірген америкалық өлім жазасына кесілді
126
оқылды

АҚШ-тың Оклахома штатының тұрғыны үш адамды өлтірді деген күдікпен ұсталды,– деп хабарлайды Lenta.ru.

9 ақпанда Лоуренс Пол Андерсон өзінің 41 жастағы көршісі Андреа Линн Бланкеншипті оның үйінде пышақтап өлтірген. Осыдан кейін ол көршісінің жүрегінен отбасындағыларға картоппен қосып тамақ пісіріп берген.

Ер адам өз қылмысын толық мойындады. Ол осылайша туыстарынан «жынды қуып шығарғысы» келген. Қылмыскер тағы өзінің 67 жастағы ағасы Леон Пайды және оның төрт жасар немересі Каеос Йейтсті өлтірді деген күдікке ілінді. Сонымен қатар Делси есімді туысқан әпкесін өлтіруге тырысқан. Ол дер кезінде полиция шақырып үлгерген. Биыл қаңтарда Андерсон түрмеден мерзімінен бұрын босатылды. Бұған дейін ол қызға шабуыл жасағаны және есірткі сатқаны үшін екі рет сотталған. Енді америкалық қылмыскерге өлім жазасы кесілді.