Ортақ мақсат – инновациялық даму
Ортақ мақсат – инновациялық даму
111
оқылды
Жидда қаласында Ислам ын­тымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) штаб-пәтерінде Сауд Ара­биясы Корольдігіндегі Қа­зақ­стан елшісі Берік Арын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рек­­торы Ғалымқайыр Мұтанов және Қаз­ҰАУ ректоры Тілектес Еспо­лов ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ахмед Сеньомо­мен, сонымен бірге ғылым және технология­лар департа­мен­тінің бас директоры Ир­фан Шау­кат­пен бас қосты. Кез­десуде әріп­тес­тікті да­мыту, сондай-ақ бі­лім беру, ғылым және техно­ло­­гия сала­ларында Қазақ­стан­­ның бас­та­маларын жүзе­ге асы­ру мәселелері талқы­лан­ды.  

Қазақстан астанасында 2017 жылы ИЫҰ-ның Ғылым және тех­­нологиялар жөніндегі бірінші сам­ми­ті өтті, онда Тұңғыш Прези­дент Н.Назарбаев ИЫҰ-15 диалог плат­формасын құру идеясын ұсын­ды. Ол ғылыми-техникалық про­грес­ті жаңғырту және одан ары дамы­ту, ислам әлеміндегі маңызды эко­но­ми­калық мәселелерді шешу мақ­са­тында 15 жетекші мұсылман елін бірік­тіреді.

Қазақстандық делегацияны құр­мет­пен қарсы алып, А.Сеньомо ислам әлемінің жетекші университе­ті ҚазҰУ былтыр Алматыда сәт­ті өткізілген маңызды оқиға – Елба­сы Н.Назарбаевтың «ИЫҰ-15 диалог платформасы» баста­ма­­сын іске асыру жөніндегі ал­ғаш­қы отырысының бірлескен ұйым­­дастырушыларының бірі бол­ғанын атап өтті. Бас хатшының орын­ба­сары ИЫҰ-дың ғылым мен тех­но­логияларды дамыту бойынша серіктес және базалық университет болып табылатын ҚазҰУ мұсылман елдерінде ғылымды, техника мен инновацияларды дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді еңсеру жол­­дарын іздестіру, сондай-ақ ғы­лы­ми интеграция сұрақтарды ше­­шуге бағытталған Қазақстан Тұң­ғыш Президентінің бастамасын іл­ге­рі­ле­ту бойынша өз миссиясын тиімді жүзеге асырып жатқанын жеткізді.

ИЫҰ өкілдері жаңа буын ЖОО үлгісі – әл-Фарабидің қайырымды қо­ғам азаматтарын қалыптастыру идея­лары негізінде ҚазҰУ-да әзір­­леніп, БҰҰ штаб-пәтерінде та­ныс­­­тырылған «Университет 4.0» мо­­деліне үлкен қызығушылық та­ныт­­ты. Кездесу барысында ғылым және инновация салаларында ынты­мақтастықты кеңейту мүмкін­дік­­­тері, со­ның ішінде ҚазҰУ-да «Жі­бек жо­лы университеттерінің Альян­сы» халықаралық IT кластері мен әлем университеттерінің жаңа тех­но­­логиялар саласындағы плат­фор­масы болатын заманауи әл-Фараби ғылыми-технологиялық алқабын құру мәселелері талқыланды.

Қазақстандық жетекші уни­вер­ситеттің ректоры, академик Ғ.Мұтанов халықаралық кө­­лемде жос­пар­ланып отырған өр­ке­ниет­тің ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арнал­ған ауқымды іс-шаралар туралы хабардар етіп, ИЫҰ басшылығын өткізілетін ме­рей­­тойлық шараларға қатысуға ша­қыр­ды.

Өз кезегінде академик Т.Есполов ҚазҰАУ қызметі мен жетістіктері, ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулері, азық-түлік қауіпсіздігі мен су ресурстарының тапшылығы туралы егжей-тегжейлі баяндап бер­ді. Ол азық-түлік қауіпсіздігі жө­нін­дегі Ислам ұйымының қыз­меті ая­сында ИЫҰ-мен ынтымақ­тас­тық­қа дайын екенін жеткізді.

Ғылым және технологиялар де­пар­таментінің бас директоры Ирфан Шаукат конструктивті ұсыныстар үшін алғысын білдіріп, білім орда­ла­рының ғылыми-зерт­теу және инно­вациялық әлеуетінің жоғары дең­гейін атап өтті. ҚазҰУ-дың озық тәжірибесін ескере оты­рып, ислам әлемінің жоғары оқу орындарын халық­аралық рей­тинг­­терде ілгері­ле­туді бірлесіп үйлес­тіруге ерекше қызығушылық білдірді. Ол ҚазҰУ-ға ИЫҰ қам­қор­лығындағы Ислам әлемі уни­вер­ситеттерінің ғылыми-білім беру ынтымақтастығы желісіне бас­­шылық етуді ұсынды.

Конструктивті диалог Король Аб­далла атындағы Ғылыми-техно­ло­­гиялық университетінде де (ҒТУ) жал­ғасын тапты. Университет рек­торы доктор Тони Чан қызмет ба­ғыт­тары мен жүргізіліп жатқан зерт­теулерге толығырақ тоқталып, қазақ­стандық қонақтарды заманауи жаб­дықталған әлемдегі үздік ЖОО-ның бірі болып табылатын уни­­вер­си­теттің оқу базасы мен зерт­ха­на­ларымен таныстырды.

Кездесу барысында тараптар білім, ғылым және инновация са­ла­­­ларындағы екі жақты өзара тиім­­ді се­ріктестікті дамытуға әзір екен­дік­терін білдірді. Рек­тор Т.Чан атап өткендей, Король Абдалла атын­дағы ҒТУ қазақ­стан­дық же­тек­ші ЖОО-мен ынты­мақ­тас­тық­ты орнатуға, ғылым мен жаңа тех­­нологиялардың басым бағыт­та­ры бойынша бірлескен зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып, академиялық ұтқырлық пен қос дипломды білім бағдарламаларын дамытуға мүдделі.

ҒТУ-ға сапары барысында қа­зақ­­стандық делегация осы уни­вер­си­тетте білім алып жатқан еліміздің студенттерімен кездесті. Қазіргі таңда бұл жоғары оқу орнында ма­­гистратура, докторантура және пос­тдокторантура сатысында Қазақ­стан­­нан келген жалпы 40-қа жуық білім алушы бар.

Серік ӘЛІМЖАНОВ