8 өңірде ескерту жарияланды

8 өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 8 облысында ескерту жариялады. 26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 26 ақпанда түнде бұрқасын күтіледі. 26 ақпанда түнде кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында 26-28 ақпанда кей уақытта тұман түседі. 26 ақпанда Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. 26 ақпанда түнде кей жерлерде 35-38 градус қатты аяз күтіледі. Қарағанды қаласында 26 ақпанда жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15 м/с-қа жетеді. Жезқазған қаласында 26 ақпанда түнде 35 градус қатты аяз күтіледі. Түнде 26-27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус аяз күтіледі. 26 ақпанда Ақмола облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде тұман күтіледі. 26 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 25 градус аяз күтіледі. 26 ақпан Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады,күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында 26 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. 26 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с-қа жетеді. 26 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.