Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Сенім грамоталарын Латвия Республикасының елшісі Ирина Мангуле, Түрікменстан елшісі Батыр Реджепов және Таиланд Корольдігінің елшісі Чатчаван Сакорнсин табыстады.

Рая Мінап
Ақпан 25, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақорда резиденциясында үш мемлекеттің қайта тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Сенім грамоталарын Латвия Республикасының елшісі Ирина Мангуле, Түрікменстан елшісі Батыр Реджепов және Таиланд Корольдігінің елшісі Чатчаван Сакорнсин табыстады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияның ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі достас халықтардың әртүрлі салалар бойынша жақындаса түсуіне ықпал етеді деп сенетінін жеткізді. Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Үкімет тарапынан елшілердің игілікті миссиясын орындауға толық қолдау әрі көмек көрсетілетінін айтты.

Президент Ханзада Филипптің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл теңдессіз тарихи қадам біздің елімізде жасалды – Тоқаев

Президент Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдерінің есебін тыңдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ирина Мангулемен әңгімелесу барысында Қазақстан Латвия Республикасымен арадағы ежелден берік достыққа, терең тарихи байланыстарға және мүдделерге негізделген қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті.  Мемлекет басшысы екі ел арасындағы екіжақты байланыстардың жылдам дамып келе жатқанын айтып, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысына ерекше тоқталды.

– Қазақстан Латвиямен көп жоспарлы ынтымақтастықты, атап айтқанда, көлік және логистика, энергетика, жаңартылатын энергия көздері, жаңа технологиялар салалары бойынша ықпалдастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Батыр Реджеповпен әңгімелесу кезінде Түрікменстан ықылым заманнан бері Қазақстанның тату көршісі әрі бауырлас ел екенін атап өтіп, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде екі мемлекет те шынайы стратегиялық әріптестік қатынас орнатқанын айтты. Мемлекет басшысы «Каспий бестігі», Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қор және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аясындағы бірлескен жұмыстардан зор үміт күтетінін жеткізді. Бұл ретте, Мемлекет басшысы Түрікменстан көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің Каспий саммитін Ашхабадта өткізу жөніндегі ұсынысын қолдайтынын айтты.

– Біз барлық бағыттар бойынша екіжақты кооперацияны ұлғайтуға мүдделіміз. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, жақын арада екіжақты сауда айналымын айтулы межеге дейін, яғни, 1 миллиард долларға жеткізуге мүмкіндігіміз бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Таиланд Корольдігімен екіжақты қатынастар жайында айта келіп, бұл елмен өзара ықпалдастық Қазақстанның Азия бағытындағы сыртқы саясатының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.  Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты және көпжақты форматтағы, оның ішінде, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберіндегі байланыстардың табысты дамып келе жатқанына назар аударды.

– Біз пандемиядан кейінгі кезеңде экономикалық және коммерциялық байланыстарымызды нығайту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметімен және тай компанияларымен ынтымақтастық жасасуға мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Президенті Эгилс Левитске, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке және Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнға жүрек жарды сәлемі мен игі тілегін жолдады.

Шетелдік елшілер Президентке өз елдері мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін жұмылдыратындарын айтты.

 
Тегтер: грамотаелшісенімТоқаев
Алдыңғы жаңалық

Кейбір заңнамалық актілерге атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді

Келесі жаңалық

Ұрылар балаларды байлап тастап, үйді тонаған

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Корея
Әлем

Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сәуір 11, 2021
Түркістан, Керуен-сарай
Жаңалықтар

Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

Сәуір 11, 2021
коронавирус, өңір
COVID-19

Қазақстанда тағы бір өңір «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

Сәуір 11, 2021
жүргізуші, жол-көлік оқиғасы, Қорам ауылы
Жаңалықтар

59 жастағы такси жүргізушісі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Сәуір 11, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сәуір 11, 12:37

Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

Сәуір 11, 11:21

Қазақстанда тағы бір өңір «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

Сәуір 11, 10:57

59 жастағы такси жүргізушісі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Сәуір 11, 10:29

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болды

Сәуір 11, 10:07

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

Сәуір 11, 09:53

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 00:31
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Солтүстік Корея

Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сәуір 11, 2021
Түркістан, Керуен-сарай

Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

Сәуір 11, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»