Абай 10 тілде сөйлейді
Абай 10 тілде сөйлейді
251
оқылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында атқары­ла­тын маңызды жобалардың бірі – шығармалар жи­на­ғын шетелдің 10 тіліне аудару және шығару.

«Абайдың шет тіліне аударылған жинақтары облыс орталықтары мен республика көлеміндегі барлық кітапханаларда тұратын болады. Шет тілі­не аударылған жинақ­тарды халыққа көрсету мақсатында жұмыстар жүргізіледі» дейді Мәде­ниет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Жинақтардың элек­трон­ды нұсқасы да шы­ға­рылмақ. Яғни, шет ті­лі­не ау­дарылған жи­нақ­­­тар қағаз кү­йінде де, электронды нұс­қада да бо­лады. Интер­нет-нұс­қа жас­тардың Абай шығар­ма­ларымен та­­­­ны­суы­на мүмкіндік жаса­мақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жарлығымен Абай­­дың 175 жылдық ме­рей­­тойын дайындау және өткізу жөніндегі мемле­кет­тік комиссияның құра­мы бекітілген болатын. Олар­дың ішінде ірі ха­лы­қ­а­ралық және респуб­ли­­ка­лық қоғамдық ма­ңы­зы бар, ғылыми, ағар­­­ту­­­шылық іс-шаралар, конференциялар, сим­по­зиум­дар, дөңгелек үстел­дер, сынып сағаттары, поэ­­­тикалық және әдеби кон­­­курс­тар, баспасөз тур­лары және өзге де іс-шара­лар бар.

 

Айна ХАСАН