Маңғыстау облысы аумағында жаңа кен орны табылды
Маңғыстау облысы аумағында жаңа кен орны табылды
144
оқылды

Маңғыстау облысы аумағында жаңа кен орны табылды. Алғашқы сараптама  мұндағы мұнай мен газдың құрамында күкірт жоқ, сапасы өте жоғары екенін көрсетті.

Жаңа кен орны Маңғыстау мен Бейнеу аудандарының аумағында орналасқан. Тепке учаскесіне жақын маңда бұрыннан белгілі Қарақұдық, Арыстановшы және Комсомолшы сынды кен орындары бар. Зерттеу қорытындыларына сәйкес мұндағы мұнайды стандартты әдістермен шығаруға қолайлы. Көмірсутектер қоры ұңғыма құрылысы мен игеру жұмысы аяқталған соң есептелетін болады. Жаңа кен орнына аты аңызға айналған барлаушы-геолог, бас мұнайшы Халел Өзбекғалиевтің есімі берілді.
"Қазір шығып тұрған мұнайдың өлшемі мысалы 6 мм-лік штуцер бойынша шамамен 130-140 текше метр. 8 мм-лік штуцер бойынша 230-240 текше метр. Өзендегі, Жетібайдағы, Қаламқастағы немесе басқа да кенорындармен салыстырып қарағанда бір жерде де ондай өнім беретін скважина жоқ. Ертең ол жерде үлкен жұмыстар жүргізіледі. Осы жердің тұрғындары жұмысқа тартылады", – дейді Қазақстан мұнайшы-геологтар қауымдастығының президенті Балтабек Қуандықов.