Нәресте – жәшікке тастай салатын қоқыс емес
Нәресте – жәшікке тастай салатын қоқыс емес
5,143
оқылды

Атырау қаласының «Авангард» ша­ғын­­ауданында көпқабатты үйдің жылу беру жүйелері маңынан жаңа туған шақалақ табылды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының баспасөз қызметінің ха­барлауынша, 15 қаңтар күні таңертең­гілік жылу жүйесі маңында жаңа туған шақалақ жат­қаны туралы көпқабатты үйдің бірін­де тұратын тұрғын жедел жәрдемге хабар­­лаған. Жедел жәрдем жедел жетіп, ша­қа­лақты балалар ауруханасына жеткізген. Оның қыз бала екені және мерзіміне жетіп туғаны белгілі болды. Орамалға ғана оралып далада жатып қалғандықтан «суық өткен» деген диагноз қойылып, дәрі­герлердің бақылауына алынды. Қазір­гі уақытта нәрестенің жағдайы тұрақ­ты. Ол арнайы кувезде жатыр.

Ал полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 119-ба­бы­ның 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тек­серу амалдарын жүргізуде.

Жарық дүниеге келе сала тағдыры қоғамда талқыланып отырған шақа­лақтың анасы кім екені әзірге анық­талған жоқ.

 

Атырау облысы