Ресейлік дәрігер-диетолог, гастроэнтеролог Алина Будаковская сағыз шайнау жайлы кең таралған пікірлерге қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды ktk.kz. Маманның пікірінше, сағызды ауыздан шыққан жағымсыз иісті басу үшін қолданбаған жөн. "Сағыз шайнап, иісті жоямыз деп ойлағанда қатты қателесеміз, дәрігерге қаралудың орнына жағымсыз иістен құтылғымыз келеді. Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы - аса мән беруді талап ететін аурудың белгісі. Соның ішінде, стоматит, парадонтоз, асқазанның хеликобактериялық инфекциясы (асқазан жарасына әкеледі) сияқты аурулар болуы әбден мүмкін", – дейді дәрігер. Диетолог сағыз жұту жайлы да пікірін айтып, мұның ешқандай қауіпі тудырмайтынын жеткізді.
"Жұмсақ сағыз асқазан ішек жолдарында қорытылмайды, сондықтан ағзадан өздігінен шығып кетеді", – дейді дәрігерБудаковская сағызды 10 минуттан артық шайнауға болмайтынын айтты. Оның салдарынан тістің пломбасы түсіп қалады, ішек жолдарының созылмалы аурулары асқынуы мүмкін.