Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды
Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды
Қарағанды облысының ТЖД күшімен "Алматы-Екатеринбург" тас жолында қар құрсауынан жедел жәрдем көлігі шығарылды. Дәрігерлер ауылдан қалаға инфаркт алған ер адам мен босану мерзімі жеткен аяғы ауыр әйелді алып келе жатқан. Қар құрсауынан құтқарушылар командасы барлығы 9 адамды эвакуациялады.
"25 ақпанда Шет ауданында жедел жәрдем көлігінің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар шықты. «Қызылқой ауылына қарасты Алматы-Екатеринбург тас жолында қар құрсауында тұрып қалған жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөліктен 9 адам құтқарылды. Қарағанды облысының ТЖД және Апаттар медицинасы орталығының күшімен құтқарылған адамдар, оның ішінде екі науқас: инфаркті бар ер адам және босану мерзімі жеткен жүкті әйел Қарағанды қаласына жол талғамайтын көлікпен жеткізілді», – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.