Бала тәрбиесі ақсап тұр
Бала тәрбиесі ақсап тұр
149
оқылды

«Бала тәрбиелеудегі ең үздік елдер» рейтингінде Қазақстан 73-орында тұр.

US News басылымы әлемнің 73 елінің бала тәрбиелеу ісі бойынша талдау жүргізіп, арнайы рейтинг жасаған екен. Мемлекеттерге бірнеше категория бойын­ша баға берілген. Адам құқығы, отба­сындағы жылылық, гендерлік тең­дік, бақыт, табыс теңдігі, қауіпсіздік, мемле­кеттік білім жүйесі және денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша мінездеме жасалған. Үздіктер қатарында Швеция, Дания және Норвегия елдері тұр. Білім жүйесі бойынша да бұл елдер алдыңғы қатарға шыққан еді. Енді тәрбие саласының да үздігі атанып отыр. Рейтинг бойынша Ресей – 46-орын, Түркия – 49, Украина 58-орынға жайғасқан.

Қазақстан рейтингте ең соңғы орын­дар­дың біріне табан тіреген. Бұл дегеніңіз – табиғи байлығы мол елдің рухани жұтаң­дығын көрсетсе керек. Яғни, біздің сапалы ресурс дайындауда әлдеқайда артта қалып қойғанымыз анық. Әйтеуір, «қолымызды мезгілінен кеш сермеп» жүрмесек болғаны.