Грекиялық Gazzetta басылымы әлемдегі ең сұлу волейболшы қызды атады. Ол – 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады. Рейтингте Маненок қазақстандық Сабина Алтынбековадан асып түсті. Қазақстандық спортшы екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті хорватиялық Клара Перич түйіндеді.
Gazzetta тұжырымы бойынша ең сұлу он волейболшы: 1. Алиса Маненок (Ресей, 25 жас) 2. Сабина Алтынбекова (Қазақстан, 23 жас) 3. Клара Перич (Хорватия, 22 жас) 4. Джейми Роббинс (АҚШ, 22 жас) 5. Зехра Гюнеш (Түркия, 21 жас) 6. Уинифер Фернандес (Доминикан, 25 жас) 7. Луиза Липпманн (Германия, 25 жас) 8. Бьянка Буша (Сербия, 26 жас) 9. Саманта Брисио (Мексика, 25 жас) 10. Мария Стенцель (Польша, 21 жас)