Өткен жылға есеп берді
Өткен жылға есеп берді
109
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ал­маты облыстық филиалының 2020 жылы атқарған жұмыс қорытындысы бойынша ау­дан-қалалық партия фи­лиалы басшылығымен жиын өтті.

Карантин талаптарына сай, жиын аудан-қалалық филиалдардың мамандары, облыстық, аудан-қалалық партиялық бақылау комиссияларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңес төрағалары онлайн режимде қатысты. Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаеваның төрағалығымен өткен шара барысында 2020 жылғы атқарылған жұмыстар сараланып, филиал төрағаларының орынбасарлары С.Нұрқадыров және А.Кубентаев облыс кө­леміндегі жұмыстарды баяндап өтті. Гүлнәр Тойлыбаева алғысөзінде: «Өздеріңізге белгілі, биыл тұң­ғыш рет Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде партияішілік праймериз ұйымдастырылып, кандидаттарға іріктеу жүргізілді. Праймериз кезеңінде тұрғындар арасында сайлауалды бағдарлама­мыз­дың жобасы талқыланып, елдің өтініш-тілектері, аманаттары жинақталып, кеңінен насихатталды. Сайлау кезеңінде кандидаттарымыз, сенімді өкілдер мен белсенді жасотандықтар сайлау­шылар арасында үгіт-насихат жұмыс­тарын жүргізіп, белсенділік танытты. Алматы облысына барлық деңгейдегі мәслихаттарда 360 мандат болса, соның 304 мандатына «Nur Otan» партиясы ие бол­­ды. Барлықтарыңыздың қос­қан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін!» деп атап өтті. Шара барысында 2020 жылы «Jas Otan» Жастар қанатының атқарылған жұмыстары жөнінде облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Е.Ақболатов, Жамбыл, Қарасай, Балқаш аудандық партия филиалы төрағаларының бірінші орынбасарлары Ы.Амалбек, Қ.Айтжанов, Д.Садықбаев сөз алып, атқарған жұ­мыс­тары жайлы есептерін беріп, қорытындысында жыл көлемінде нәтижелі жұмыс көрсеткен Ақсу, Еңбекшіқазақ, Сарқан аудандық филиал басшылығына облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы А.Баталовтың ал­ғысхаты табысталды. Жиынды қорытындылаған Гүлнәр Тойлыбаева аудан-қалалық партия филиалдарына бірқатар тапсырма беріп, биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесінде еліміздің жетістіктерін насихаттап, сайлауалды бағдарламаның нақты шаралары нәтижелі іске асуында белсенді жұмыс атқару қажет екенін атап өтті.

Әбілмансұр ЖАСАН