Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Ел халықаралық құжаттың құрбаны болмайды

«Айқын» ақпарат
Ақпан 26, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
ел

Парламент Қазақстанның ұлттық мүддесін халықаралық деңгейде қорғауды күшейтетін заң қабылдады. Оған сәйкес, егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары міндеттемесін орындамаса, онда Қазақстан да сол келісімді не оның жекелеген ережесін іске асыруды тоқтатады. Бұл Сенат Төрағасы М.Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста айтылды.

Осыны қарастыратын «Қазақстанның халықаралық шарттары туралы» заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын сенаторлар жалпы отырыста қабылдады. Жоғарғы палата Төрағасы бұл заң ұлттық мүддені қорғауға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

«Бүгін қабылданған заң халықаралық деңгейде ұлттық мүдделерімізді қорғауға қосымша мүмкіндіктер береді. Бұдан былай халықаралық келісімнің екінші тарабы өз міндеттемелерін мүлдем орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан тарапына жауап шараларын қабылдауға жол ашылады. Құжатта халықаралық шарттардың не олардың жекелеген ережелерінің орындалуын тоқтата тұру туралы нормалар көзделген», – деді Мәулен Әшімбаев.

Заң жобасы бейінді заңға мынадай нормалардың енгізілуін қамтамасыз етеді: ратификацияланған халықаралық шарттардың республика заңдарының алдындағы басымдығы және олардың тікелей қолданылуы; халықаралық шарттар мәртебесінің өзгеруі туралы жұртшылықты хабардар ету; шарттарды тоқтату тәсілін кеңейтіп, заңдағы олқылықтарды жоюды қамтамасыз ету.

Еңселі емхана ел көңілінен шықты

Елді бүтіндеген бірегей институт

Туризмге тың серпін бермек

«Бұдан бөлек, заң жобасында контрәріптестер өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда шарттарды орындауды тоқтата тұру түріндегі Қазақстанның жауап шараларын қолдану мүмкіндігін көздейтін нормаларды енгізуі ұсынылады. Заң жобасын қабылдау Қазақстанның міндеттемелерін орындамайтын контрәріптестермен өзара қарым-қатынас­тарда мемлекеттің мүдделерін ес­керуді қамтамасыз етеді», – деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Сонымен қатар ел Парламенті «Қазақстан мен Корея арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты» ратификациялап, тиісті заң жобасын Президенттің қол қоюына жолдады. Оған сәйкес Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып отыр. Мысалы, адам жасаған құқықбұзушылық екі мемлекетте де қылмыс деп танылуы керек, оларды беруге екі ел де келісуі тиіс, ал сотталушының өзінен оралуға жазбаша келісім алу маңызды. Қазақстаннан шарт ережелерін іске асырушы орталық орган ретінде Бас прокуратура белгіленді.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің 20 азаматы Кореяда жазасын өтеп жатыр, ал Қазақстанда 1 корей азаматы түрмеде отыр.

Сондай-ақ Сенат отырысында депутаттар «1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады. Бұл құжатта азаматтық және қылмыстық өндіріс саласында құ­қықтық көмек көрсету бойынша сот және құқық қорғау органдарының нақты міндеттері көрсетілген.

Елдос СЕНБАЙ

 
Тегтер: елзаңқұжатқұрбанпарламентСенат
Алдыңғы жаңалық

Өткен жылға есеп берді

Келесі жаңалық

Жемқорлықпен күрес әңгіме өзегіне айналды

Ұқсас жаңалықтар

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  
Жаңалықтар

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

Сәуір 13, 2021
ғалым
Жаңалықтар

Ғалымдар маңызды мәселелерді талқылады

Сәуір 13, 2021
Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
Жаңалықтар

Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады

Сәуір 13, 2021
Марат Омаров
Жаңалықтар

Марат Омаров қатысқан той өткен дәмханаға қатысты тексеру басталды

Сәуір 13, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

Сәуір 13, 16:12

Ғалымдар маңызды мәселелерді талқылады

Сәуір 13, 16:04

Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады

Сәуір 13, 16:02

Марат Омаров қатысқан той өткен дәмханаға қатысты тексеру басталды

Сәуір 13, 15:31

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сәуір 13, 15:06

«Бриллиантовая рука» фильміне түскен актриса қайтыс болды

Сәуір 13, 14:57

Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері қанша?

Сәуір 13, 14:37
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

 Жамбылдық кәсіпкерлер Рамазан айынан бастап  ішімдік сатудан бас тартты  

Сәуір 13, 2021
ғалым

Ғалымдар маңызды мәселелерді талқылады

Сәуір 13, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»