Қытайда тараған емі жоқ ауруға байланысты әуежайда жолаушылар тексеріліп жатыр
Қытайда тараған емі жоқ ауруға байланысты әуежайда жолаушылар тексеріліп жатыр

Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қытайда таралған ауруға байланысты сақтық шараларын қолданып жатыр, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Департаменттің хабарлауынша, 2012 жылдың қыркүйегінде Таяу Шығыс елдерінде жаңа вирустық инфекциялық ауру, белгілері пневмонияға ұқсайтын коронавирус анықталған. Жұқпалы аурудың қауіпті болатын себебі, емі жоқ.

Осыған байланысты өлім деңгейі 50%-дан асады.

Бұл инфекция адамға ауа арқылы жұғады. Бұған дейін мұндай жағдайлар Сауд Арабиясы, Франция, Германия, Иордания, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяда тіркелген. 2015 жылы коронавирустық инфекция Оңтүстік Кореядан шықты.

Аталмыш инфекцияны жұқтырғандардың саны 108 адамнан асты.

Жыл басталғалы бері Қытайда пневмонияға ұқсайтын 44 жағдай тіркелді. 11 науқастың жағдайы ауыр.

Айта кетейік, бұған дейін екі адам қайтыс болғанын жазған едік.