Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Nur Otan

Сайлаушылардың сенімін ақтау – басты міндет!

Әлия ӘБСЕМЕТОВА, Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесім

«Айқын» ақпарат
Ақпан 26, 2021
Nur Otan, Nur Otan-ның жаңа депутаттары, Жаңалықтар, Қазақстан
Әбсеметова

Бүгінгі күн – болашақтың сұлбасы. Қазір қолға алатын әрбір ісіміз болашақтың берік іргетасы болып қаланары анық.  Дана халқымыз «Игі істің ертеңі жақсы» деп бекер айтпаса керек.  «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев та 14 қаңтар күні өткен Пар­ла­мент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысында дәл осы ойды меңзеген бо­латын.

Елбасы жаңа шақырылымдағы депутаттар алдында тұрған басты міндет – ел сенімін ақ­тау екенін жеткізіп, бірқатар тап­сыр­маларын тілге тиек еткен болатын.

«Біз жұртшылықтың сенімін ақтауымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан біздің партиямыздың сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерге қол жеткізу үшін фракция депутаттары барын салуға тиіс», – деді Н.Назарбаев.

Шын мәнінде, өткенімізді саралап, жеткен жетістіктеріміз бен кет­кен кем-кетіктерімізге көз жүгірт­сек, көп нәрсенің парқын түсінуге болады. Елдің тұрақты дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын арттыруға жасалған әрбір қадамның  өзіндік тарихы мен өшпес ізі бар. Бұл тарихи қадамдар мен нәтижелердің артында дәл осы халық сенімі тұрғаны да жасырын емес.

Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты бақылауда

Онлайн форматтағы кезекті қабылдау

Денсаулық сақтау министріне сауал жолдады

Тарих демекші, биыл еліміз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына аяқ басты. Атаулы мерейтойдың бағасы зор, мәні биік. Әсіресе, билік пен халық арасындағы алтын көпір болуға ұмтылған «Nur Otan» партия­сы үшін бұл осы уақытта атқарылған істерге тарихи баға берудің, алға тағы бір қадам жасаудың таптырмас мүмкіндігі.

Өткен жылдар ішінде Қазақстан саяси ұстанымының, тұрақтылығының арқасында барша әлемге өзінің қауқарын дәлелдеді. Біздің азаматтар осы уақыт аралығында ғылымның, спорттың, өнердің, білім мен медицинаның әр саласында бірқатар жетістікке жетті. Бар күшімізді сала отырып, жан-жақты дамыдық, жетілдік. Алдағы мақсат осы жетістіктерді бекіте түсу, әлемнің саяси алаңында қол жеткізген орнымызды сақтап, нығая түсу.

Парламент  Мәжілісіндегі  ең үлкен фракция – «Nur Otan» партия­сының мүшесі ретінде біз, депутаттар алдағы уақытта өзімізге жүктеліп отырған міндеттерді тереңнен түсініп, артылған жауапкершіліктің жүгін түйсінуіміз керек.

Бұл тұста, партия Төрағасы Н.Назарбаев 14 қаңтар күні өткен жиында біздің алдымызда тұрған бірқатар міндетті қадап айтқан болатын.

«Фракцияның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін бірнеше міндетті шешкен жөн. Біріншіден, депутаттар Үкіметпен бірлесе отырып, жұртшылық тарапынан қолдау тап­қан партияның сайлауалды бағдарламасының нәтижелі жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, депутаттар бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды күшейтуге тиіс. Үшіншіден, барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайтқан абзал. Депутаттар тұрақты түрде тұрғындармен кездесіп, азаматтарды қоғамдық қабылдауларда қабылдап отыруы қажет», – деген еді.

Толығымен қолдауға лайықты әрі өте орынды талап деп санаймын. Біздің негізгі миссиямыз да – осы. Расымен,  «Nur Otan» партиясы ең әуелі сайлауалды бағдарламасын оңтайлы жүзеге асыруы керек. Себебі оның артында бізге дауыс берген халықтың зор сенімі, болашаққа деген үміті жатыр. Бұл сенімді аяқасты етпеу үшін, халықтың үміті мұқалмас үшін көп тер төгуіміз қажет болады.

Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы – халқымыздың  әл-ауқатын арттырудағы аса маңызды шешімдердің негізгісі. Ел экономикасының гүлденуіндегі, бизнестің «жетіле» түсуіндегі, жолдар мен инфрақұрылымның, медицина мен ғылымның өз деңгейінде дамуындағы түрлі түйткілдерді шешу үшін де бюджет  тиісінше үйлестіріліп, сәйкесінше жұмсалуы тиіс.

Бұдан бөлек, біз халықпен кері байланыс орнатудың да тиімділігін көріп отырмыз. Қазір оған мүмкіндік көп. Түптеп келгенде, әлеуметтік желілер мен жаңа медианың дамуы еліміздің түкпір-түкпіріндегі әрбір азаматпен тікелей байланыс орнатып, проблемалық мәселелерін тың­дауға мүмкіндік беріп отыр. Мұның өзі алға қойған мақсат­тарымыз­ға қол жеткізудегі басты тетік екенін ұмытпаған абзал. Кері байланыс орнату билік пен халық арасындағы ашықтықты қамтамасыз етеді.

Сол себепті  Партия Төрағасы ретінде Елбасының бізге жүктеп отырған міндеттері мен берген тап­сырмалары үлкен тиянақтылықпен ойластырылған десем артық айтқан­дық емес. Осы тұрғыдан алғанда, халық сеніміне селкеу түсірмеу – бізге сын.

 
Тегтер: Nur OtanАқтауӘлия Әбсеметовасайлаушыларсенім
Алдыңғы жаңалық

Қазақша жарнама түзелуі тиіс

Келесі жаңалық

«Аманатта» 500 күй жинақталған

Ұқсас жаңалықтар

пәтер
Жаңалықтар

Пәтерінде қайтыс болған қарияны 9 жыл бойы ешкім іздемеген

Сәуір 10, 2021
карантин
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары өзгерді

Сәуір 10, 2021
бала
Қазақстан

ШҚО-да жоғалған екі жасар баланың мәйіті табылды

Сәуір 10, 2021
888
Жаңалықтар

Бозбала интернет арқылы СҚО тұрғынының 888 мың теңгесін қолды еткен

Сәуір 10, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәтерінде қайтыс болған қарияны 9 жыл бойы ешкім іздемеген

Сәуір 10, 13:04

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары өзгерді

Сәуір 10, 12:33

ШҚО-да жоғалған екі жасар баланың мәйіті табылды

Сәуір 10, 12:07

Бозбала интернет арқылы СҚО тұрғынының 888 мың теңгесін қолды еткен

Сәуір 10, 11:49

Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Сәуір 10, 11:17

Испанияда жалаң аяқ жүруге болатын қонақүй ашылмақ

Сәуір 10, 10:57

Жергілікті жеміс-жидек ауылда өңделеді

Сәуір 10, 10:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

пәтер

Пәтерінде қайтыс болған қарияны 9 жыл бойы ешкім іздемеген

Сәуір 10, 2021
карантин

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары өзгерді

Сәуір 10, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»