«Аманатта» 500 күй жинақталған
«Аманатта»  500 күй жинақталған
188
оқылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапханада «Аманат» қазақ күйлері анто­логия­сының» тұсаукесері болды. Жинақ қазақ, орыс және ағылшын тілінде шықты. Сонымен қатар кітапта әр күйдің анық­тамасы ғана емес, тыңдауға қолайлы етіп цифрлы та­сығышпен жабдықталған. Жинақ «Сауап» қоғамдық қо­рының қолдауымен шыққан.

– Күй – қазақ халқының асыл мұрасы. Төрткүл дүниенің төрт бұры­шын жайлаған өзге жұртта кез­деспейтін өнер. Әр күйден хал­қымыздың бет-бей­не­сін, даналық кел­бетін, ұлты­мыз­дың өшпес ру­хын, көруге болады. Сол асыл мұраны болашақ ұрпаққа қаз-қалпында сақтап жеткізуіміз ке­рек. Сондықтан ұмыт болған жаз­­­б­аларға жаңа өмір сыйлады. Айт­жан Тоқтаған, Жанғали Жүз­бай, Саян Ақмолда, Талғат Мұ­қы­шев, Мұрат Әбуғазы секіл­ді зерт­теушілеріміз еліміздегі қорларды ға­на емес, шетелдік архивтерден кө­не күйлердің жаз­баларын тап-ты, – дейді «Са­уап» қоғамдық қо­ры­­ның қам­қор­шылық кеңесінің тө­рағасы Бақытбек Смағұл. Оның айтуынша, бірегей әрі ба­ламасы жоқ жобаны осыдан 8 жыл бұрын қолға алған. «Әр күй­дің көшірмесі сатып алынып, ыж­даһаттылықпен өңделіп, рестав­рацияланды. Цифлан­дырылып, ау­дио тасығышқа көшірілді. Ан­то­ло­­гия толығымен «Сауап» қо­ры­ның қаржы­ландыруымен шығып отыр. Бюджеттен ешқандай ақша бө­л­інген жоқ», – деді ол. Осы антологияда белгілі күй­ші-зерттеуші Ардаби Мәулет­ұлы­ның жеке мұрағатынан алынған Шың­жаңдағы Алтай-Тарбағатай, Іле қазақтарының сыбызғыда ой­нал­ған күйлері бар. Әсіресе, «Мұ­са­ның күйі», «Шәу­жіңнің күйі» сияқты автор­лық шығармаларға ға­лымдар «сыбызғы дәстүріндегі тың туын­­ды» деп баға берді. Оған қоса, Зұпар Кәбенұлының орын­­дауын­дағы Қошанай Елік­байұлы­ның «Бозінген», «Бу­рыл аттың жү­рі­сі», «Жетім қыздың зары» сияқ­­ты күйлер осы жинақта тұң­ғыш рет жа­рияланды. Жобаның бірлескен авторы, зерт­теуші, PhD докторы Мүслім Ха­сеновтің сөзінше, антологияға 500-ден астам күй жинақталған. – Бұрынғы таспаға басылған күйдің өзі 100 жыл ғана сақтала­ды. Ал олар­ды көшіріп басу қиын­ның қиы­ны. Дұрыс көшір­ілмесе, таспа тү­бегейлі жойылып кетеді. Соған қа­рамастан кө­нер­ген таспалардағы күй­лерді сақ­тап қалуға тырыс-тық, – дейді ол.

Анар ҚОНЫС