Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше Бәйтерек ауданы Трекин ауылында болған.
Сағат 18.00-де өз үйінен 1956 жылы туған екі зейнеткердің мүрдесі табылды. Олар табиғи газдан уланып, қайтыс болған. Куәгерлердің айтуынша, әйелі диванда отырған жерінде жан тапсырса, күйеуі сыртқы есікке жете алмаған.Полицейлер оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.