Бүгін астанада оқушылар мектепке бармайды
Бүгін астанада оқушылар мектепке бармайды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы хабарлады.

«26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады» делінген басқарманың хабарламасында.

Синоптиктер Қазақстанда аяз күшейіп, боран болатынын хабарлаған болатын.