Қазақстанның ең криминалды аймaқтары белгілі болды, – деп хабарлайды КТК арнасы. Былтыр қылмыстың ең жоғары деңгейі еліміздегі экономикасы қарқынды дамып жатқан аймақтарда белгіленген. Дереккөздің жазуынша, қылмыс ең көп жасалған аймақтар көшін Алматы, Алматы облысы, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бастап тұр. ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше, былтыр елімізде 230 мың қылмыс жасалған.
Оның 53% немесе 123 мыңы Алматы, Алматы облысы, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарына тиесілі.Рейтингтің басында Алматы қаласы тұр. Елімізде тіркелген әр бесінші қылмыс осы қалада тіркелген.
Жалпы Алматыда 50 мың қылмыс тіркеліпті, оның 33 мыңы – ұрлық, 10,7 мыңы – тонау. Екінші орында Алматы облысы тұр, онда 21 мың қылмыс тіркелген.Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы – 18 мың, Шығыс Қазақстан облысы – 17 мың, Қарағанды облысында 15 мың қылмыс тіркелген.
Ең жайлы өңір Маңғыстау облысы болған, онда 4 мың қылмыс тіркелсе, Қызылорда облысында – 5 мың, Атырау облысында – 6 мың. Заң бұзу бойынша алғашқы орында ұрлық тұр – 130 мың жағдай тіркелген, екінші орында – тонау, үшінші орында экономикалық қылмыстар – 1 мың.