Оқушыларды бай мен кедейге бөліп оқытқан
Оқушыларды бай мен кедейге бөліп оқытқан
120
оқылды

Сөйтіп, бай мен жарлының баласы екі бөлек корпуста оқыған.

Leggo басылымы жазуынша, Римдағы жергілікті мектептердегі ресми сайттарының бірінде осындай хабарлама жазылған екен.

Тіпті, олар сол оқушыларды корпусқа бөліп оқытқан. Бірінде табысы жоғары мен орташа отбасының балалары оқыса, енді бірінде - табысы төмен отбасының баллары білім алған. Міне, осы ақпарат әлеуметтік желі арқылы жер бетіне кеңінен таралып кеткен. Соның салдарынан Италияда үлкен шу шыққан. Осындай жағдайдан соң, бұл хабарламаны өшіріп тастады.

Әсіресе, сол елдің Білім министрі Лючия Адзолина мұндай қадамға барған мектеп әкімшілігін жазғырды. Ол өзінің Twitter парақшасында "Балаларды бөліп-жармай, бәрінің басын біріктіру керек " деп жазған.

Оның айтуынша, ондай жазбалар баланы қолайсыз жағдайға қалдырады. Себебі, ешбір бала ешкімнен кем емес.