Мейрамбек депутат Балиевадан қысым көргенін жайып салды
Мейрамбек депутат Балиевадан қысым көргенін жайып салды
185
оқылды

«Жотадан қағатындардан гөрі, аяқтан шалатындар көп болған заман».  Бұл –белгілі әнші Мейрамбек Беспаевтың Instagram-дағы парақшасында Зағипа Балиеваға арналған жазбасына желі қолданушысы қалдырған пікір.

Ал жазбада әнші 15 қаңтар күні  Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы қызметіне сайланғанын, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева жаңа басшылыққа қысым көрсеткенін жазған. 

Еліміздегі танымал әншілер бірнеше жыл қаламақы ала алмай жүргендерін айтып, тиісті орынға базынасын жеткізген. Қазақстан орындаушылар одағының бұрынғы басшылығын тиісті қаламақыны төлемеді деп айыптап, жаңа сайлау жасаған. Осылайша, Мейрамбек Беспаевты одақтың жаңа төрағасы қызметіне сайлаған. Алайда әншілердің бұл әрекеті Балиеваға жақпаған сыңайлы. Мұны Беспаев Instagram парақшасында тәптіштеп тұрып жазған.

зағипа инстада.jpg

«Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес, мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өңдеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекетіңізді тоқтатуды талап етеміз!» – деп жазды Мейрамбек Беспаев Instagram желісіндегі парақшасында.