Арқалық тұрғындары жарықсыз отыр
Арқалық тұрғындары жарықсыз отыр
117
оқылды

Электр желілері үзіліп, қаланың жартысы кешелі бері жарықсыз қалды.

Қостанай облысының оңтүстік бөлігі ақ түтек боранға оранды, – деп хабарлайды «Хабар 24».

«Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Соңғы тәулікте төтенше жағдайлар қызметі қар құрсауында қалған 21 автокөліктен 28 адамды құтқарды, олардың үшеуі – бала. Әсіресе, Арқалық қаласында боран үдеп тұр. Электр желілері үзіліп, қаланың жартысы кешелі бері жарықсыз отыр», – дейді телеарна тілшісі.